Главная / новости-каз / Халықаралық балалар күніне арналған «Кел билейік, шырқайық!» мерекелік концерт-көрме

Халықаралық балалар күніне арналған «Кел билейік, шырқайық!» мерекелік концерт-көрме

Өткізілетін күні:1маусым, 2023жыл

Өткізілетін орны: «Demalys promenade», Ә.Мамбетов к,  11-5

Өткізілетін уақыты:12.00 -18.00

         І бөлім -12.00-15.00

         ІІ бөлім-15.00-18.00

Ұйымдастырушы: Астана  қаласы әкімдігі, «Балалар көркемсурет мектебі», «№ 1 балалар музыка мектебі»МКҚК

1 маусым күні Астана қаласы әкімдігінің «№1балалар музыка мектебі» МКҚК және «Балалар көркем сурет мектебі» МКҚК ұйымдастыруымен, Сарыарқа аудыны әкімшілігінің қолдауымен, халықаралық Балаларды қорғау күніне  арналған «Кел билейік, шырқайық» атты  мерекелік концерт- көрме  ұйымдастырылады. «Demalys promenade» алаңында  елордамыздың жас суретшілері көрме ұйымдастырады, асфальтта сурет салу жарысына қатысып сонымен қатар  №1балалар музыка мектебінің жас музыканттары концерттік бағдарлама ұсынады. Аталаған іс-шарада мектебіміздің «Балауса» фольклорлық ансамблі, «Дольче» скрипкашылар, «Ару» би ансамблі, «Кербез қыздар» жетігеншілер, «Серпер» домбырашылар, «Көркемай» қобызшылар, «Ақ сұңқар» дәстүрлі әншілер, баянистер, эстрада вокал әншілері  өз өнерлерін паш етеді.