Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан – әлем балалары көзімен» ; тақырыбында өткен халықаралық шығармашылық сурет байқауының қорытындысы
16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ және Мұғалім-суретшілерінің Халықаралық Одағы, Нұр-Сұлтан қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубының қолдауымен «Отандастар қоры» КеАҚ жүзеге асырған «Қазақстан - әлем балаларының көзімен» тақырыбындағы халықаралық шығармашылық сурет байқауының қорытындысы қазылар алқасымен нәтижесі қорытылып жеңімпаздар анықталды.
Бұл байқауға 15 жақын және алыс шет елдегі этникалық қазақтар және өзге ұлт өкілдерінің ұл-қыздары мен елге оралған қандас-мектеп оқушылары барлығы 259 үміткер тіркелді, соның ішінде: Өзбекстан, Иран, Ресей, Белорусь, Норвегия, Испания, Ұлыбритания, Грузия, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Украина, Қытай, Португалия, Канада азаматы және Қазақстан елдерінен қатысты. Нақты атап айтқанда, суреттерін жолдаған балалардың барлық саны – 225 болды, соның ішінде: Өзбекстан - 60, Иран - 37, Ресей - 28, Белорусь - 2, Норвегия - 1, Испания - 1, Ұлыбритания - 2, Грузия - 2, Қырғыз Республикасы - 18, Моңғолия - 1, Украина - 5, Қытай - 1, Португалия - 1, Канада азаматы - 1 және Қазақстан – 65.
Барлық қабылданған жұмыстар қазылар алқасымен әділ бағаланып байқаудың жүлделі орындары мен 4 номинациясы бойынша белгіленіп нәтижесі шығарылды.
Байқауға жұмыстарын жолдаған барлық балаларға қатысқан үшін сертификат және барлық байқау жеңімпаздарына диплом, Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің маусымдық лагеріне тегін жолдама және 10 жеңімпазға мастер-класқа қатысу үшін сертификаттар табысталды. Одан басқа жүлделі орындарына қарай басқада сыйлықтар берілді.